"Ақтөбе" бапкерлер штабына қатысты шешім қабылдады

Бокс шолушысы

Клуб Қазақстан Премьер-лигасы матчтарына арналған өтінімнен екі словакиялық маманды алып тастады.

"Ақтөбе" бапкерлер штабына қатысты шешім қабылдады
Sports.kz

"Ақтөбе" клубында маусым ортасында бапкерлер құрамына қатысты маңызды өзгерістер орын алды. AmanVIBE дерегіне сәйкес, команданың штабынан екі маманның өтінімнен шығарылған. Олар: Карол Праженица мен Мартин Руснак.

Екі маман да словакиялық бас бапкер Штефан Тарковичтің негізгі көмекшілері болды. Олар Таркович "Ақтөбеге" келген сәттен бастап оның штабында бірге жұмыс істеді.

Тарковичтің кетуі ресми жарияланған жоқ

Әзірге клуб Штефан Тарковичтің қызметінен кеткені туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Дереккөз мәліметінше, бас бапкердің кетуі өтемақы көлемі бойынша келісім жасалғаннан кейін жариялануы мүмкін. Яғни тараптар арасындағы келіссөз әлі толық аяқталмаған.

Бұған дейін "Ақтөбені" ресейлік-тәжікстандық маман Игорь Черевченко басқаруы мүмкін екені хабарланған еді.

"Ақтөбе" ҚПЛ-де бесінші орында тұр

Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымында "Ақтөбе" 18 матч өткізді.

Команда осы кездесулерде 28 ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орында келеді.