"Қайрат" – "Ордабасы" матчына барлық билет сатылып кетті

Бас редактор

Алматыдағы Орталық стадионда аншлаг күтіледі.

"Қайрат" – "Ордабасы" матчына барлық билет сатылып кетті
1bol.kz

Қазақстан Премьер-лигасының 19-туры аясындағы орталық матчқа билеттер толық сатылып кетті. "Қайрат" пен "Ордабасы" арасындағы кездесу Алматының Орталық стадионында өтеді.

Матч 26 шілде күні сағат 19:00-де басталады.

Турнир кестесіндегі жағдай

Қазіргі таңда "Ордабасы" 43 ұпаймен Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде бірінші орында тұр.

Ал "Қайрат" 42 ұпай жинап, шымкенттік клубты өкшелеп келеді. Десе де, алматылық команда бір матч артық өткізген. Сондықтан бұл кездесу чемпиондық бәсекеге тікелей әсер етуі мүмкін.

Шымкенттен жанкүйерлерлер арналған тегін автобустар жолға шықты

"Ордабасыны" қолдау үшін Шымкенттен Алматыға бірнеше автобуспен жанкүйерлер жолға шыққаны туралы ақпарат тарады.

Бұл қонақ командаға да үлкен қолдау болатынын аңғартады. Сондықтан Орталық стадионда тек алаңдағы ойын ғана емес, трибунадағы атмосфера да ерекше болады.

Еркебұлан Тоқтар "Ордабасыны" қолдады

Бұған дейін белгілі актер әрі ММА файтері Еркебұлан Тоқтар Instagram парақшасында "Ордабасы" клубын қолдап видео жариялаған болатын.

Бұл да шымкенттік клуб айналасындағы жанкүйерлік белсенділікті күшейте түсті.