"Ливерпуль" Салахтың орнына 100 миллионан астам еуро жұмсамақ

Жекпе-жек шолушысы

Мерсисайдтықтар "Пари Сен-Жермен" мен Франция құрамасының вингері Брэдли Барколяны қатарға қосуды жоспарлап отыр.

"Ливерпуль" Салахтың орнына 100 миллионан астам еуро жұмсамақ
irishexaminer.com

Ресми ұсыныс дайындалып жатыр

Инсайдер Николо Скираның мәліметінше, “Ливерпуль” басшылығы ПСЖ клубына ресми ұсыныс жасауға кіріскен.

Ағылшындық команда Брэдли Барколяның трансфері үшін 100 миллионнан астам еуро бөлуге дайын. “Қызылдар” франциялық вингерді шабуыл шебін күшейтетін негізгі ойыншылардың бірі ретінде қарастырып отыр.

Франция құрамасының футболшысы “Ливерпульде” Мохамед Салахтың ықтимал ізбасары ретінде аталып отыр. Дегенмен бұл трансферді жүзеге асыру оңай болмайды. Барколяның ПСЖ-мен келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды. Париждіктер шабуылдағы көшбасшыларының бірін сатуға мүдделі емес.

ПСЖ сапында қалай өнер көрсетті?

Брэдли Барколя ПСЖ құрамына 2023 жылдың жазында қосылған. Футболшы “Лионнан” 45 миллион еуроға ауысты. 2025/26 жылғы маусымда барлық турнирде 49 матч өткізіп, 13 гол соқты және жеті нәтижелі пас берді.

Ол париждік клубпен бірге Чемпиондар лигасын қатарынан екінші рет жеңіп алуға үлес қосты.

Брэдли Барколя Франция құрамасының сапында 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысты. Transfermarkt порталының бағалауынша, футболшының қазіргі нарықтық құны 90 миллион еуроға тең.