"Ақтөбе" еуропалық құраманың ойыншысын қатарға қосты

Сарапшы, спорт журналисі

"Ақтөбе" Румыния құрамасы мен "Стяуа" футбол клубының қақпашысы Андрей Владпен келісімшартқа отырды. 

"Ақтөбе" еуропалық құраманың ойыншысын қатарға қосты
kazfootball.kz

25 жастағы қақпашы жеті жыл бойы румыниялық “Стяуа“ намысын қорғады. Сонымен қатар өз елінің жастар құрамасына тұрақты шақырту алып тұрды. Румыния құрамасында да өнер көрсетті. 

Айта кету керек, “Стяуа” Румынияда жоғары жетістікке жеткен ұжым саналады. 1986 жылы Еуропа чемпиондарының Кубогын (Чемпиондар лигасы) иеленген Шығыс Еуропадағы алғашқы клуб. Сол кезде турнирдің финалында “Барселона” 2:0 есебімен жеңіліс тапқан еді.  
 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір