Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Әли Әлиев Қазақстан құрамын жариялады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Әли Әлиев 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі қарсаңында өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады.

Әли Әлиев Қазақстан құрамын жариялады
kazfootball.kz

Оқу-жаттығу жиыны 10-18 ақпан күндері Түркияның Белек қаласында өтеді. Бапкерлік штаб бұл жиынға ұлттық құрамаға үміткерлер мен жас ойыншыларды шақырды. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Қазақстан құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар:

  • Бекхан Шайзада (“Ордабасы”)
  • Дінмұхаммед Жомарт (“Жеңіс”) 
  • Нұрасыл Тоқтаров (“Атырау”);

Қорғаушылар:

  • Ұлар Жақсыбаев (“Ордабасы”) 
  • Әди Адамбаев, Алмас Төлібай (екеуі – “Елімай”)
  • Дінмұхамед Қараман (“Жеңіс”) 
  • Асқар Сатышев (“Тұран”) 
  • Амандық Нәбиханов (“Атырау”);

Жартылай қорғаушылар:

  • Абылайхан Назымханов (“Елімай”)
  • Серікжан Мужиков, Ален Айманов (“Жетісу”)
  • Жасұлан Жұмашев, Наурызбек Жагоров, Мейрамбек Қалмырза, Данияр Үсенов (бәрі – “Тобыл”)
  • Равиль Атыханов (“Атырау”) 
  • Давид Есімбеков (“Черноморец”, Ресей);

Шабуылшылар:

  • Айбар Жақсылықов (“Қайсар”) 
  • Алияр Мұхамед (“Оқжетпес”) 
  • Оралхан Өміртаев, Айбар Абдулла (“Ақтөбе”);

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Уэльс, Лихтенштейн, Солтүстік Македония және Бельгия командаларымен бірге J тобына түсті.

Ұлттық құрама іріктеу кезеңін 23 наурыз күні сырт алаңда Уэльске қарсы ойынмен бастайды. Үш күннен соң Лихтенштейнмен кездесеміз. Екі ойын да сырт алаңда өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 45
👎 4
😂 3
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір