Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Сен қазақ емессің!" – блогер тілге байланысты Дастан Сәтпаевқа жасалған қысымға наразылық білдірді

Редактор Penalty.kz
16.02.2025, 00:16

Көпшілікке Archibald атымен танымал белгілі блогер Артур Асқарұлы жас футболшы Дастан Сәтпаевты қолдады.

golos-naroda.kz
golos-naroda.kz

Instagram әлеуметтік желісінде қазақстандық блогер өз отандастарын сынға алды. Себебі олар жас ойыншының ана тілін жетік білмеуіне байланысты оны "қазақ емес" деп айыптаған.  

"Өкінішке қарай, бізде осындай түсінік қалыптасқан: егер қазақ бола тұра ана тіліңде сөйлемесең, сені бәрі кері итереді. Еліңе қандай пайда тигізіп жатқаның маңызды емес, бастысы – адамдарға өздерінің токсиктілігін көрсету. Олар сенің жеңілісіңді күтіп, қателігіңді аңдып отырады. Ал неге керісінше қолдау көрсетіп, тілді меңгеруге көмектеспеске? Иә, бұл өсек айту мен жамандаудан әлдеқайда қиын ғой", — деді блогер.

Асқар хейтерлерден қорықпайтынын және сын қабылдауға дайын екенін айтты. Блогердің айтуынша, ол өзі де ана тілін жетік білмейтініне ұялады. Бірақ қоғамды жас футболшыны қолдауға үндейді. 

"Бұл тек менің немесе Дастан Сәтпаевтың ғана мәселесі емес. Ол небәрі 16 жасында ел имиджі үшін көптеген сын айтушылардан әлдеқайда көп еңбек сіңірді."

Асқар түрлі футбол матчтарына саяхат жасап, акциялар мен коллаборациялар өткізуімен танымал. Ол әрқашан ұлттық құраманы және ойыншыларды қолдайды. Өзге медиа тұлғалардан ерекшелігі де сол. 

"Бұл бүкіл ұлттың мәселесі. Тілімізді, мәдениетімізді, бірлігімізді жоғалтып барамыз. Өзін-өзі кінәлі не кінәсіз деп бөлуден, Алматы мен Астананы қарсы қоюдан, жүздер мен рулық айырмашылықтарды қозғаудан, "мәңгүрт" пен "мамбет" деп бөле-жарудан жалықпадық."

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір