Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Тағы бір өзбек футболшысы топ-клубқа ауысуы мүмкін

Редактор Penalty.kz
03.03.2025, 15:05

Футболшымен «Бавария» клубының өкілдері байланысқа шыққан. 

news.sportbox.ru
news.sportbox.ru

Аббосбек Файзуллаев – «Баварияға» жолдама ала ма?

Мәскеудің ЦСКА клубында өнер көрсетіп жүрген өзбекстандық футболшы Аббосбек Файзуллаев мюнхендік «Бавария» клубына ауысуы мүмкін. Бұл ақпаратты футболшының өзі «Чемпионат» порталына берген сұхбатында растады.

Файзуллаевтың сөзі:

«Олар менің агенттеріммен байланысқа шығып, қызығушылық танытқаны рас. Нақты бірер мәселені сұраған еді. Бірақ, мен бұл жайтқа салқынқанды қараймын, себебі, байланысқа шығу мен келісімшартқа қол қою деген екі бөлек дүние», – деді өзбекстандық футболшы.

«Баварияға» қарсы емес, бірақ...

Файзуллаев «Бавариядан» кетары емес екенін жасырмайды. Алайда, нақты ұсыныс болмағандықтан, бар күшін Мәскеудің ЦСКА-сында өнер көрсетуге арнайтынын айтты.

Балалық арман – «Барселона»

Аббосбек бала кезінен «Барселонаның» жанкүйері екенін және сол клубта ойнауды армандайтынын да мойындады.

Аббосбек Файзуллаевтың ЦСКА-дағы статистикасы:

  • Клубқа қосылған жылы: 2023
  • Өткізген матчтар саны: 55
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір