Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Айына 10 мың еуро жұмсаймын": Қазақстанның қос дүркін чемпионы табысы жайлы ашық айтты

Сарапшы, спорт журналисі
03.04.2025, 23:37

Қазақстан Премьер-Лигасының екі дүркін чемпионы, сербиялық шабуылшы Джордже Деспотович қазіргі футболшылар арасында кең таралған "айына 300 еуромен өмір сүруге болады" деген пікірге күмәнмен қарайтынын жеткізді. 

"Айына 10 мың еуро жұмсаймын": Қазақстанның қос дүркін чемпионы табысы жайлы ашық айтты
readfootball.com

Бұл туралы ол Sport24.ru басылымына берген сұхбатында айтты. 

"Ресейлік футболшылар арасында жаңа тренд пайда болды: олар 300 еуромен өмір сүре аламыз деп айтып жүр. Бұл – үлкен өтірік. Мұндайды тек өмірінде бар ақшасын тауысып қойғандар ғана айтады. Иә, 100 еуромен де күн көруге болады. Бірақ бір деңгейге жеткеннен кейін 300 еуро маған жетеді деу – шындыққа жанаспайды", – деді Деспотович.

Футболшының айтуынша, қазір оның ай сайынғы шығыны 10 мың еуродан кем емес.

"Қазір рубльмен есептесек, ай сайын 1,5-2 миллион жұмсаймын. Бұл еуромен алғанда – 10 мыңнан кем емес, кейде одан да көп", – деді шабуылшы.

ФОТО: sport24.ru

33 жастағы сербиялық футболшы Қазақстанда бірнеше танымал клубта өнер көрсетті. Ол "Жетісу", "Қайрат", "Астана" және "Тобыл" командаларында ойнады. Деспотович елімізде:

  • екі рет Қазақстан чемпионы атанды;
  • Кубок пен Суперкубокты иеленді.

Ол Премьер-Лигада гол соғу шеберлігімен көзге түсіп, жанкүйерлердің жүрегінен ерекше орын алған легионерлердің бірі саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 0
😂 2
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір