Өзбекстан құрамасы футболдан әлем чемпионатына жолдама алды
Өзбекстан Азия кубогында Қытайды тізе бүктірді.
gazeta.uz
Футболдан Сауд Арабиясында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия кубогының топтық кезеңінің екінші турында Өзбекстан U17 құрамасы Қытайды 2:1 есебімен жеңді.
Ойын басынан-ақ өзбек жасөспірімдері ширақ қимылдап, қарсыластарын қыспаққа алды. Қытай құрамасы да осалдық танытпады. Дегенмен Өзбекстан шабуылы өз нәтижесін берді. Қос гол соғылып, жеңіс өзбек құрамасының қанжығасында кетті.
Бұл жеңістің арқасында Өзбекстан құрамасы Азия кубогындағы топтық кезең аяқталмай жатып-ақ, қараша айында Катарда өтетін жасөспірімдер арасындағы футболдан әлем чемпионатына жолдама иеленді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet