"Барыс" ойыншысы жаңа командаға ауысты - жалақысы футболшылармен тең
Дамир Жафяров ҚХЛ-дағы жаңа келісімшартқа қол қойды.
matchtv.ru
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) жаңа маусымы алдындағы трансферлік науқан аясында “Нефтехимик” (Нижнекамск) ресейлік шабуылшы Дамир Жафяровпен бір жылдық келісімшартқа отырды.
135 миллион теңге: Жафяровтың ресми жалақысы
Ресейлік “Спорт-Экспресс” басылымының мәліметінше, шабуылшының жылдық жалақысы шамамен 20 миллион рубльге тең. Бұл сома қазіргі курс бойынша 135 миллион теңге.
Астанадағы кезең: статистика мен қоштасу
- Жафяров 2024 жылдың жазынан бері “Барыста” өнер көрсетті
- 31 мамырда келісімшарт мерзімі аяқталып, клубпен қош айтысты.
- ҚХЛ-дың өткен маусымында 27 матч өткізіп, небәрі 1 шайба салып, 4 нәтижелі паспен көзге түсті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet