
"Вашингтон Кэпиталз" капитаны, әйгілі хоккейші Александр Овечкин ресми түрде Ресейдің рекордтар кітабына енді.
2025 жылдың 6 сәуірінде Овечкин “Нью-Йорк Айлендерс” қақпасына шайба соғып (1:4), хоккей аңызы Уэйн Гретцкидің тарихи нәтижесін ресми түрде жаңартты. Енді оның еншісінде 897 гол бар.
Бұл көрсеткіш Овечкинді NHL тарихындағы ең үздік сұрмергенге айналдырды.
Ресми аккаунттағы хабарламада былай делінген:
“897 гол – тұрақтылық пен спорттық шеберліктің символына айналған тарихи жетістік. Овечкин тек Гретцкидің рекордын жаңартқан жоқ – ол Ресей атынан хоккей тарихын қайта жазды. Бұл жай ғана сан емес – жылдар бойғы жаттығулардың, жүздеген ойындардың, мыңдаған соққылардың және миллиондаған жанкүйерлердің еңбегі. Александр Овечкин ұлттық тарихтың бір бөлігіне айналды”.