
Михаил Кравец кезекті ҚХЛ ойынынан кейін баспасөз маслихатында журналист сұрақтарына жауап берді.
«Барыс» бас бапкері Михаил Кравец КХЛ аясындағы «Ақ Барс» матчынан (3:4) кейін Sports.kz басылымына берген сұхбатында қазақ тілін үйрену жайлы сұраққа жауап берді.
— Сіз «Барыста» бірнеше айдан бері жұмыс істейсіз. Қазақ тілін үйрене бастадыңыз ба? Бірдеңе айтып көрсете аласыз ба?
“Білесіз бе, бәрі орыс тілінде сөйлейді, ағылшын тілі де бар... Үлгермеймін. Онда маған қытай тілін де үйрену керек болар еді. Сондықтан орыс және ағылшын тілдері жеткілікті деп ойлаймын. Бірақ бәрі бәрін түсінеді,” – деді Астана ұжымының бапкері.
«Ақ Барспен» өткен матчқа келсек, үшінші кезеңнің басында «Барыс» 0:4 есебімен ұтылып жатқан еді, алайда кейін 140 секунд ішінде үш шайба соғып үлгерді.
Үшінші кезең басында «Барыс» 0:4 есебімен ұтылып жатқан. Алайда небәрі екі жарым минут ішінде астаналықтар қарсыластың қақпасына үш шайба тоғытты:
Қазандық команда құрамында шайбаларды Владимир Алистров (4-мин), Артем Галимов (17 және 19-мин), сондай-ақ Никита Лямкин (43-мин) соққан.
«Барыс» бұл кездесуде жеңіске жете алмағанымен қысқа уақыт ішінде үш рет әсерлі камбэгімен жанкүйерлерін қуантты. Дегенмен, ұпай жинауға бұл жеткіліксіз болды.
«Барыс» 9 қазанда Челябіде «Трактормен» шеберлік байқасады.