Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Барыстың" бапкері қатарынан төртінші жеңіліс туралы мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Айтуынша, астаналық клубтың ойыны көңілінен шығады.

"Барыстың" бапкері қатарынан төртінші жеңіліс туралы мәлімдеме жасады
Михаил Кравец

«Барыс» командасының бас бапкері Михаил Кравец елордалық команданың «Трактормен» өткен ойынын бағалады.

“Бүгінгі ойын біз үшін жақсы өрбіді. Қарсыласымыздың деңгейін жақсы түсіндік. Ақыры ұзақ уақыттан кейін алғашқы кезеңде жеңіске жеттік. Бұл туралы жиі сөйлесеміз, өйткені команда соңғы кезде сәтсіз ойнап жүр. Жалпы алғанда, "Трактордан" ештеңеде кем болған жоқпыз. Ойынға көңіліміз толады. Ең жағымды әрі құнды тұстарын алып, алға жылжимыз,” – деді Кравец.

Естеріңізге салсақ, Астаналық «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті кездесуінде Челябінің «Тракторынан» овертаймда жеңіліс тапты. Бұл — астаналық клуб үшін төртінші қатарынан болған жеңіліс болды. Команда соңғы турларда тұрақты нәтижеге қол жеткізе алмай келеді.

Елордалықтар келесі кездесуін 12 қазанда өз мұз айдынында Нижний Новгородтың «Торпедо» командасына қарсы өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір