ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

«Барыс» тағы да жеңілістен көз ашпай тұр

Астананың «Барыс» ХК өз айдынында Уфаның «Салават Юлаев» командасымен кездесіп, кезекті рет жеңіліске ұшырады.

Матч Құрлықтық хоккей лигасының (КХЛ) 2025/2026 маусымы аясында өтті. Қорытынды есеп — 1:2. Осылайша қазақстандық клуб бесінші рет қатарынан ұтылды. 

Қонақтар алғашқы екі кезеңде бір-бір шайбадан соғып, басымдығын соңына дейін сақтап қалды. Соңғы кезеңде Дінмұхамед Қайыржан бір гол соққанымен нәтиже өзгермеді. 

«Барыс» (Астана) — «Салават Юлаев» (Уфа) — 1:2 (0:1, 0:1, 1:0)
Шайбалар:
0:1 — 19:24 Броссо (Кулик, Калинюк) — тең құрамда
0:2 — 29:04 Жаровский (Горшков, Сучков) — тең құрамда
1:2 — 62:40 Қайыржан (Томпсон) — тең құрамда

Астаналық команда 7 қараша күні өз мұз айдынында Екатеринбургтің «Автомобилистін» қабылдайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.