Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Темірлан Анарбеков атышулы жанжалға араласты

Сарапшы, спорт журналисі

«Қайрат» ФК қақпашысы Темірлан Анарбеков танымал блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты өз ойын ашық айтты. 

Темірлан Анарбеков атышулы жанжалға араласты
instagram/@f.c.kairat

Анарбеков әлеуметтік желідегі дауға үн қосты

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде Нұрсұлтан Жақсыген төңірегінде үлкен отбасылық жанжал өрбіді. Көптеген отандық инфлюенсерлер блогердің бұрынғы жұбайы мен балаларына бағытталған дөрекі, әдепсіз жазбаларына наразылық білдіріп, оны бойкотқа шақырды.

Желідегі дау Жақсыгеннің арандатушылық сипаттағы жазбасынан кейін туындаған. Ол өз парақшасында:

«Ең бастысы — мен сенің пәктігіңді алған алғашқы адаммын», — деп жазған.

Бұл сөз қоғамда үлкен резонанс туғызды.

Темірлан Анарбековтың реакциясы

Қақпашы Темірлан Анарбеков бұл жағдайға бейжай қарамай, әлеуметтік желіде пікір қалдырды:

«Мұндай тақырыпқа үндемей қалу мүмкін емес. Бұл — нағыз надандықтың көрінісі. Осындай әрекеттен кейін адам өзін қалай жер басып жүреді?», — деп жазды спортшы.

Бұған дейін интернетте Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі мен отбасына бағытталған жеке хаттарының скриншоттары тарап кеткен болатын. Бұл хабарламаларда блогер әйелін қорлап, балағат сөздер айтқан деп айыпталды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір