Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында «Салават Юлаевқа» ірі есеппен есе жіберді.
Кездесу астаналық клуб үшін өте сәтті басталды. Елордалықтар екі рет дәл соққы жасады.
Макс Уиллман Томпсон мен Логвиннің пасынан кейін есеп ашса, Майкл Веккьоне Бреус пен Королёвтің тамаша комбинациясын голға айналдырды.
Кезең соңына таман уфалықтар қысымды күшейтіп, бір шайбамен жауап қайтарды:
Екінші кезеңде ойын тіпті шиеленісті өтті. «Барыс» Райли Уолштың көмегімен есеп айырмасын тағы өсіргенімен, артынша көпшілікте екі шайба жіберіп алды.
Осылайша, екі период қорытындысы бойынша командалар тең тарқасты – 3:3.
Үшінші жиырма минуттықта ойын толық «Салават Юлаевтың» пайдасына қарай бұрылды. Қожайындар төрт шайба соғып, тек бір рет жіберіп алды.
Қорытындысында «Барыс» екі рет есепте алда тұрса да, матч соңына дейін шабуылды тежеуге және қорғаныста сенімді ойнауға шамасы жетпеді.
Астаналық клуб ұзақ сапарын жалғастырады. 29 қараша күні «Барыс» тағы да сырт алаңда мұзға шығып, бұл жолы магнитогорскінің «Металлургіне» қарсы ойнайды.