«Барыс» тағы да жеңілді

Редактор Penalty.kz
22.09.2024, 07:50

Астаналық «Барыс» командасы «Витязьге» (Подольск) қарсы кездесуге өткізген болатын.

«Барыс» тағы да жеңілді
ru.hcbarys.kz

Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті ойынды қазақстандық клуб өте сәтсіз бастады. Иван Чехович («Витязь») 3-ші минутта есеп ашты. Дегенмен матчтың 18-ші минутында Әділ Бекетаев таразы басын теңестіре алды. 

Бірақ артынша (18-ші минутта) Егор Воронков «Витязьді» алға шығарды.  Содан соң Иван Воробьёв (32-ші минут) есеп айырмасын ұлғайтса, Дерек Барак 36-шы минутта тағы да гол соқты. 

Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді. Бұл — елордалық клубтың жаңа маусымдағы алтыншы жеңілісі. 

Айта кетейік, елордалық клуб биылғы маусымда жеті кездесудің алтауында жеңілді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар