Велоспортшыларымыз әлем чемпионатында жүлдеге жете алмады
Швейцарияның Цюрих қаласында тас жолдағы велоспорттан әлем біріншілігінің ерлер арасындағы жекелей сын аяқталды.
Inbusiness.kz
Цюрихте әлем біріншілігінің ерлер арасындағы жекелей сын аяқталды. Бұл бағдарламада Қазақстан намысын Евгений Федоров пен Игорь Чжан қорғады. Алайда екі спортшымыз да жүлделі орынға іліге алмады. Байрақты бәсекені Федоров 30-шы, Чжан 43-орынмен аяқтады.
Айта кетейік, аталған жарыста бельгиялық Ремко Эвенепул топ жарды. Екінші және үшінші орынды италиялық велоспортшылар Филиппо Ганна мен Эдоардо Аффини иеленді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet