Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстанның келесі қарсыласы Португалия

Сарапшы, спорт журналисі

Өзбекстанда футзалдан өтіп жатқан әлем чемпионатының плей-офф сатысына шыққан барлық құрама белгілі болды. 

Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстанның келесі қарсыласы Португалия
Sports.kz

Ұлттық құраманың 1/8 финал аясындағы кездесу 26-шы қыркүйек күні өтеді. Футзалшыларымыз Португалия командасымен шеберлік байқасады. Құрамалар бұған дейін екі рет кездескен. Екеуінде португалдар жеңіске жеткен болатын. 

Айта кетейік, плей-офф сатысында Нидерланд пен Украина, Марокко мен Иран, Бразилия мен Коста-Рика, Испания мен Венесуэла, Парагвай мен Ауғанстан, Таиланд пен Франция, Аргентина мен Хорватия кездеседі.