Кирилл Кекер: Өте ауыр жеңіліс болды
«Ордабасы» клубының бас бапкері Кирилл Кекер «Астанамен» болған матчқа қатысты пікір білдірді.
fckairat.com
Шымкенттік «Ордабасының» бас бапкері Кирилл Кекер елордалық «Астанаға» қарсы ойынға қатысты өз ойын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда болған матч 2:4 есебімен астаналық команданың пайдасына шешілген еді.
«Ауыр жеңіліс. Біз басқаша дайындалған едік. Алайда, маңызды сәттерде жекпе-жектерді ұтылып жаттық. Соның салдарынан қажетсіз голдар жіберіп алдық. Бірақ, бізде де мүмкіндік болмады деуге келмейді. Өкінішке қарай, бәрі ойдағыдай болмады. Ойыншыларға айтар шағымым жоқ».
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet