"Қайрат" сенсациялық жеңіліске ұшырады
Футзалдан Қазақстан чемпионатының 37-турында күтпеген нәтиже тіркелді. "Аят" Рудныйда көш басындағы "Қайратты" 4:1 есебімен тас-талқан етті.
Рудный қаласында өткен кездесуде алаң иелері алғашқы минуттардан-ақ басымдық танытты. 11-минутта Иван Марахов есеп ашты. Араға екі минут салып Джефферсон дос Сантос "Аяттың" басымдығын еселей түсті. Екінші таймда Ерсұлтан Сағындықов (29-мин) пен Леандро Батиста (32-мин) қарсылас қақпасына тағы екі доп салып, нәтижені 4:0-ге жеткізді.
Алматылықтар шабуылы тек 33-минутта нәтижелі аяқталып, Алиссон бір голмен жауап қайтарды — 4:1. Осылайша матч сенсациялық жеңіліспен аяқталды.
Бұл кездесуден кейін 35 ойыннан кейін "Қайраттың" еншісінде 91 ұпай қалды. Команда әлі де көш бастап тұр. Алайда басты бәсекелесі — "Семей" 90 ұпаймен өкшелеп келеді, әрі оларда бір ойын артық.
Ал "Аят" осы ірі жеңістен кейін 33 матчтың нәтижесінде 57 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.