
Ришат Хайбуллин Францияның Шамони қаласында өткен спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль еншіледі.
Францияның тау бөктеріндегі әйгілі Шамони қаласында өткен халықаралық жарысқа 31 елден 312 спортшы қатысты. Қазақстан атынан «жылдамдық» санатында 8 спортшы өнер көрсетті. Олардың қатарында әлем аренасында тәжірибесімен танылған Ришат Хайбуллин мен Әмір Маймұратов та бар.
Жарыстың негізгі кезеңіне тек Ришат Хайбуллин мен Әмір Маймұратов жолдама алды. Ришат финалға дейін жетіп, америкалық Самуэль Уотсонға есе жіберіп, күміс медаль иеленді. Ал қола жүлде тағы бір АҚШ спортшысы — Зак Хаммерге бұйырды.
"Бұл – Ришаттың халықаралық аренадағы тәжірибесі мен шеберлігін дәлелдейтін нәтижесі. Финалға дейінгі шапшаңдық пен тұрақтылық – оның басты артықшылықтары", — делінген Қазақстан ҰОК хабарламасында.
Әмір Маймұратов болса іріктеуден екінші орынмен өткеніне қарамастан, ширек финалда испаниялық Эрик Нойа Кардонеге жол беріп, жарысты ерте аяқтады.