
Германияда өтіп жатқан жазғы Универсиадада ел қоржынына таэквондошы Темірлан Тілеулес қола медаль салды.
Темірлан Тілеулес 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жартылай финалда Украина спортшысы Максим Маненковпен жолықты. Қарсыласымен болған текетіресте Тілеулес 0:2 есебімен жеңіліп қалды (ұпайлар: 17:18, 14:17). Соның нәтижесінде қазақстандық спортшы Универсиадада қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, бұған дейін Дәмір Шүленов пен Нодира Ахмедова да таэквондодан қола медаль жеңіп алған. Осылайша аталған спорт түрі бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде үш қола жүлде бар.
Сонымен қатар көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы да ел намысын абыроймен қорғап, қола медаль місе тұтты.