
Олимпиадалық және Паралимпиялық комитет трансгендер әйелдердің әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуына тыйым салды. Бұл ереже Трамптың жарлығына сүйене отырып қабылданған.
АҚШ-тың Олимпиадалық және Паралимпиадалық комитеті (USOPC) трансгендер әйелдердің әйелдер арасындағы жарыстарға қатысуына тыйым салды. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.
Агенттіктің жазуынша, комитет өз сайтындағы "Спортшылардың қауіпсіздігі саясаты" бөлімін үнсіз жаңартып, жаңа ережелер енгізген. Сондай-ақ су спорты, жеңіл атлетика және басқа да федерацияларға арнайы хат жіберіліп, оларды Дональд Трамп қол қойған жарлыққа бағынуға міндеттеген.
USOPC таратқан ресми хатта мынадай мәлімдеме жасалған:
«Жаңа саясатымыз әйелдер үшін әділ және қауіпсіз жарыс жағдайын қамтамасыз етудің маңыздылығын көрсетеді. Барлық ұлттық спорт ұйымдары өз ережелерін осы талаптарға сай жаңартуы тиіс».
Жаңа тәртіптің негізі 2025 жылдың ақпанында Дональд Трамп қол қойған президенттік жарлықта жатыр. Онда Трамп әйелдер спортына "ерлердің қатысуына" жол бермейтінін мәлімдеп, мемлекеттік қаржыландыруды трансгендер спортшыларға рұқсат беретін ұйымдардан тоқтатуға уәде берген.
Associated Press мәліметінше, жаңа саясат жергілікті спорт клубтарын да ережелерін қайта қарауға мәжбүр етуі мүмкін, себебі олар ұлттық федерация құрамында қалғысы келеді.