Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы Қазақстанда ойнайды
Бразилия құрамасының қорғаушысы Марсело (толық аты — Марсело Аугусту дос Сантуш) "Семей" футзал клубына ауысады.
Марселоның трансфері
Футзал әлемінің беделді журналисі Густаво Муньянның хабарлауынша "Семей" испаниялық клубқа 140 000 еуро көлемінде төлем жасамақ. Айта кетейік, дәл осы Муньян бұған дейін Денердің "Эль-Посо" клубына ауысқанын алғашқылардың бірі болып жеткізген еді.
"Семейдің" жетістігі мен алдағы ойын
"Семей" биыл Қазақстан кубогын жеңіп алды. Ал 23 тамыз күні клуб ел чемпионы "Қайратпен" Суперкубок үшін кездеседі.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.