
Спрингфилдте өткен тарихи түнде баскетбол әлемі күтпеген жаңалыққа куә болды: Леброн Джеймс пен Крис Пол, Нейсмит атындағы Баскетболдың Даңқ залына енгізілді. Бұл – тарихтағы алғашқы жағдай, себебі екі жұлдыз да әлі күнге дейін НБА паркінде ойнап жүр. Қалайша бұл мүмкін болды?
Әдетте баскетболшы мансабын аяқтағаннан кейін кемінде екі жыл күтіп, содан соң ғана номинация ала алады. Тағы бір жыл – дауыс беру мен талқылау. Демек, Даңқ залына түсу үшін ең аз дегенде үш жылдық үзілісқажет.
Осы жылы құрметке 2022 жылға дейін мансабын аяқтағандар ғана лайық болатын. Мысалы, Дуайт Ховард Тайваньдағы маусымын есепке алмағандықтан, Кармело Энтонимен бірге дәл осы жылы қабылданды. Ал Джеймс пен Пол үшін бұл мүмкін емес сияқты еді – бірақ жағдай өзгеше шықты.
Даңқ залы тек жекелеген ойыншыларды ғана емес, командаларды да қабылдайды. Дәл осы ерекшелік екі аңызға есік ашты.
2000-жылдардың басындағы сәтсіздіктерден кейін (6-орын – 2002 жылғы әлем чемпионаты, Афина-2004 пен ЧМ-2006 – тек қола), АҚШ-тың беделі шайқалған еді.
Бірақ 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында жағдай түбегейлі өзгерді. Майк Кшишевски баптаған құрамда Кобе Брайант, Леброн Джеймс, Дуэйн Уэйд, Крис Пол және басқа да жұлдыздар болды. Команда турнирді бірде-бір жеңіліссіз аяқтап, алтын медальді иеленді.
Бұл жеңіс АҚШ-қа баскетболдағы үстемдігін қайтарды. Кейін америкалықтар төрт Олимпиаданы қатарынан жеңіп алды.
«Redeem Team» – тек команда емес, АҚШ-тың символы. Кармело Энтони сол сәтті еске алып:
«Біздің жейдемізде «НБА клубтарының» атауы болған жоқ. Біз – тек АҚШ едік», – деді.
«Redeem Team-нің» құрамында болғандардың көбі – қазірдің өзінде Даңқ залының мүшелері: Кобе, Уэйд, Кидд, Бош. Биыл бұл қатарға Ховард пен Энтони қосылды. Ал Джеймс пен Пол жеке-дара қабылдану үшін 2029 жылды күтуге тиіс.
Бірақ «Қайта өрлеу командасы» ретінде олар қазіргі кезде-ақ мәңгілік тарихқа жазылды. Бұл – олардың халықаралық баскетболға қосқан үлесін мойындаудың айқын дәлелі.
Салтанатта Леброн Кобені ерекше құрметпен еске алды:
«Кобе бізге байып пен жауапкершілік әкелді. Ол болмаса, біз қайтадан үстем бола алмас едік», – деді Джеймс.
Ал Майк Кшишевски Бейжіңдегі жеңісті «өмірімдегі ең ұлы сәт» деп атады.
2025 жылғы енгізілгендер қатарында: