
ХОК қазақстандық чемпионды толық қолдады.
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы, әйгілі боксшы Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті лауазымына үміткер ретінде Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) толық қолдауына ие болды. Бұл туралы британдық журналист Дункан Маккей жазды.
«Владимир Кличконың World Boxing президенті болуға талпынысы бірнеше күннен кейін-ақ аяқталды. Ал бокс әлемінің тағы бір аңызы — Геннадий Головкин 23 қарашадағы сайлауда айқын фаворит болып қала бермек. Оған ХОК тарапынан толық қолдау көрсетілуде» — деп жазды Дункан Маккей өзінің әлеуметтік парақшасында.
Осылайша бұрын орта салмақта бірнеше дүркін әлем чемпионы атанған қазақстандық спортшы 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарындағы боксты бақылауға жауапты ұйымды басқаруға негізгі үміткер болып отыр.