ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде қола медаль місе тұтты

Қытайдың Чунцин қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының кезеңі өз мәресіне жетті. 

Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде қола медаль місе тұтты
Спортты дамыту дирекциясы

Ерлер арасындағы жекелей бағдарламада Қазақстан намысын Михаил Шайдоров қорғады.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері қысқа бағдарламадан кейін үшінші орында тұрған еді. Еркін бағдарламада да тұрақты өнер көрсеткен Шайдоров жалпы есеп бойынша үшінші орыннан табылып, қола медальға қол жеткізді.

Қазақстандық спортшы қос бағдарлама нәтижесінде 262,67 ұпай жинады. Ал жарыс жеңімпазы жапониялық Шун Сато болып, 278,12 ұпаймен бірінші орынды иеленді. Екінші сатыға италиялық Даниэль Грасль (269,43 ұпай) көтерілді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.