Жасөспірімдер арасындағы Азиада Бахрейн елінде өтіп жатыр.
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында 3х3 баскетболдан сайыстар жалғасуда.
Бүгін Қазақстан қыздар құрамасы 3х3 баскетболдан үш матч өткізді.
Алғашқы кездесуде қазақстандықтар Иран құрамасынан 10:21 есебімен ұтылды. Екінші ойында отандастарымыз Өзбекстанды 13:9 есебімен жеңді.
Жарыс күнінің соңғы матчында Қазақстан Иордания құрамасын 21:5 есебімен тізе бүктіріп, жарыс күнін екі жеңіспен аяқтады.