Мексикада өтіп жатқан TUI Socca World Championships 2025 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын Францияға қарсы өткізді.
Ойынды негізінен қазақстандықтар бақылауда ұстап, допқа иелік ету және шабуыл саны бойынша басым болды.
34-минутта алыстан бағытталған соққымен Қуаныш Бегалин есеп ашты. Ол айып алаңынан сәл сыртта тұрып, допты қақпаның алыс бұрышына дәл бағыттады.
Алайда Қазақстан құрамасының басымдығы ұзаққа созылмады. 37-минутта франциялықтар қарымта шабуыл ұйымдастырып, таразы басын теңестірді. Қалған уақытта қос құрама да жеңіс голын соғуға тырысқанымен нәтиже өзгермеді.
3 желтоқсан күні Қазақстан құрамасы топтағы екінші ойынын Уругвайға қарсы өткізеді. Бұл матч турнирдегі жағдайға айтарлықтай әсер ететін шешуші кездесулердің бірі болмақ.
Топтағы тағы бір ойында Нидерланд құрамасы Уругвайды 3:1 есебімен жеңді.
TUI Socca World Championships 2025 турнирінің қожайыны – Мексика құрамасы. Ол дәстүрлі түрде фавориттердің қатарында аталады.
Жоғары орындарға үміткерлер қатарында: