Қазақстан үстел теннисі федерациясы мен Olimpbet компаниясы серіктестікті 2027 жылға дейін ұзартты. Нәтижесін көрсеткен әріптестік жаңа жобалармен жаңа кезеңге қадам басты.
2023 жылы басталған Федерация мен Olimpbet арасындағы серіктестік елде үстел теннисінің қарқынды дамуына мүмкіндік берді. Қазір өңірлерде жаңа орталықтар мен залдар ашылып, спорт мектептеріндегі үйірмелер саны артып келеді. Бұл спорт түрі елімізде өз орнын нықтап, жаппай және кәсіби деңгейде даму үстінде.
Қазақстан үстел теннисі федерациясының бас хатшысы Данил Пак келісімді ұзарту туралы пікір білдіріп, ынтымақтастықтың басты мақсаты өзгеріссіз екенін атап өтті:
«Бүгінде үстел теннисі Қазақстанда зор қарқынмен дамуда. Бұл — бұқаралық әрі әлеуметтік маңызы бар спорт түрі, сонымен қатар кәсіби деңгейде де жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Olimpbet компаниясымен серіктестік осы оң серпінді одан әрі нығайтып, үстел теннисін елдегі ең танымал спорттардың біріне айналдырады деп сенемін», — деді Данил Пак.
Соңғы жылдары елде жаңа талантты буын қалыптасты. Алан Құрманғалиев – Қазақстан тарихындағы алғашқы U15 әлем чемпионы атанды. Ұлттық құраманың көшбасшысы Кирилл Герасименко Олимпиада-2024 жарысында ел рекордын жаңартып, әлем элитасына енді және WTT турнирлерінде жеңіс сериясын жалғастыруда. Ал Зауреш Ақашева мен Айдос Кенжегұлов халықаралық турнирлерде тұрақты түрде жүлделі орын алып келеді.
Olimpbet компаниясы еліміздің спорт индустриясындағы стратегиялық инвесторлардың бірі ретінде үстел теннисі үшін ерекше кезең туып отырғанын атап өтті — 2027 жылы Қазақстан алғаш рет үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайды.
«Біз Федерация сынды сенімді серіктеспен жұмысты жалғастырғанымызға қуаныштымыз. Үстел теннисі одан әрі дамып, спортқа назар аударатын болады. Алдағы әлем чемпионатында біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетуі үшін бар күшімізді саламыз. Біз сенеміз — олар медаль, соның ішінде алтын үшін күреседі», — деді Olimpbet компаниясының даму жөніндегі директоры Абзал Қалиев.
Қазақстан үстел теннисі федерациясы — елдегі үстел теннисі спортын, инфрақұрылымды және ұлттық турнирлерді дамытатын ұйым.
Olimpbet — Қазақстандағы спорт, бәс тігу және ойын-сауық индустриясындағы жетекші компания, елдегі ірі спорттық жобалар мен ұйымдарды қолдаушы.