Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстан Уругвайға қарсы камбэк жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Шағын футболдан Мексикада өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Уругвайды 4:1 есебімен ұтып, F тобында екінші орынға көтерілді.

Қазақстан Уругвайға қарсы камбэк жасады
instagram/@americasoccaconfederation

Уругвайға қарсы толық басымдық

Топтық кезеңнің екінші турында Қазақстан құрамасы Уругвайға қарсы матчта ойын тізгінін толық өз қолына алды. Қарсылас алғашқы болып есеп ашқанымен әрі қарай кездесуді біздің жігіттер бақылауға алды.

4-минутта Родригес есепті ашса, кейін отандастарымыз қарсылас қақпаға төрт доп соқты. Бұл жеңіс Қазақстанға F тобында екінші орынға орнығуға мүмкіндік берді.

Франциямен тең ойын және алда Нидерланд бар

Қазақстан құрамасы турнирді Францияға қарсы матчтан бастаған. Ол ойын 1:1 есебімен аяқталды. 

Енді біздің команда келесі ойынын Нидерланд құрамасына қарсы өткізеді. Бұл матч топтан шығу және плей-офф кезеңіне жолдама үшін шешуші ойындардың бірі болуы мүмкін.

Қазақстан — Уругвай 4:1 (2:1)
Голдар:
Родригес, 4-минут (0:1); Бегалин, 10-минут (1:1); Бердібек, 18-минут (2:1); Әділов, 28-минут (3:1); Бегалин, 40+1-минут (4:1)

Қазақстандықтар осылайша ойын сапасы мен нәтижені үйлестіріп, өз топтарында фавориттердің біріне айналып келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір