Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Ауылдан шыққан қыз үшінші рет қатарынан Қазақстан чемпионы атанды

Сарапшы, спорт журналисі

Ауыр атлетикадан Астанада өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақта елдің басты жұлдызы тағы да қарсылас шақ келтірмеді.

Ауылдан шыққан қыз үшінші рет қатарынан Қазақстан чемпионы атанды
olympic.kz

63 келідегі сөзсіз фаворит

Астанадағы «Алатау» спорт сарайында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақта елдің ең мықты зілтеміршісі анықталды.

Бұл салмақта алтын медальды Алматы облысының намысын қорғайтын Ксения Прозорова ешкімге қалдырған жоқ. Ол «жұлқып көтеруде» – 90 кг, «серпе көтеруде» – 110 кг көтеріп, екі сайыс қорытындысы бойынша 200 кг зілтемірді еңсерді.

Осы көрсеткішпен жас спортшы барлық қарсыласынан айқын басым түсіп, 63 келідегі абсолютті көшбасшы екенін тағы бір дәлелдеді.

Негізгі қарсыластар күміс пен қолада қалды

63 келідегі медальдар мынадай ретпен бөлінді:

  1. Ксения Прозорова – Алматы облысы
  2. Нұрсила Берікбол – Ұлытау облысы
  3. Дарья Балабаюк – Қарағанды облысы

Чемпиондық атақ үшін күресте Прозороваға қарсы тұрған басты үміткерлер соңғы салмақта да оны қуып жете алмады. Осылайша,Ксения ел чемпионатында үшінші рет қатарынан жеңіске жетіп, «best of the best» атағын ешкімге бермеді.

Ауылдан шыққан чемпион: «Қараой – менің базам»

Ең қызығы – үш дүркін Қазақстан чемпионы атанып үлгерген Ксения Прозорова әлі күнге дейін өз туған жері – Алматы облысы, Іле ауданы, Қараой ауылында тұрады. Дәл сол ауылда жаттығып, үлкен жеңістерге дайындалады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір