ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Ұлттық құрама ӘЧ жартылай финалына шықты (ВИДЕО)

Украинаға қарсы өткен матч өте тартысты өтті. 

Қазақстан құрамасы тағы бір тарихи жетістікке жетті. Socca бойынша әлем чемпионатында ұлттық команда Украинадан басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.

Ойын 2:1 есебімен аяқталды. Буллит сериясында қазақстандықтар қарсылас командаға қарағанда дәлірек болды. 

Енді Қазақстан келесі кезеңде Болгарияны жеңген Мексика құрамасымен кездеседі. Бұған дейін біздің құрама Румынияны да буллиттер сериясында ұтқан еді — 2:1 (негізгі уақыт: 1:1).

Socca деген не?

Socca — мини-футболға ұқсас, бірақ ережесі мен алаңы өзгеше командалық спорт түрі:

  • Командада 6 ойыншы (5 ойыншы + қақпашы);
  • Алаң — мини-футболдан кеңірек;
  • Матч ұзақтығы — 25 минуттан 2 тайм.
Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.