Қазақстанның ӘЧ финалы үшін өткен матчы ірі есеппен аяқталды
Соккадан Қазақстан құрамасы Канкунде (Мексика) өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының финалына шыға алмады.
instagram/@internationalsoccafed
Жауапсыз бес гол
Канкунде өткен жартылай финалдық кездесу Қазақстан үшін сәтсіз аяқталды. Ұлттық құрама Мексикадан 0:5 есебімен ойсырай ұтылды.
Бұл жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы енді тек қола жүлде үшін таласа алады. Қарсылас Польша – Нидерланд жұбында ұтылған команда болмақ.
Ал Мексика финалда дәл осы жұптың жеңімпазын күтіп отыр.
Қазақстанның әлем чемпионатындағы жолы
Қазақстанның Канкундағы көрсеткіші жалпы алғанда әсерлі болды. Команда топтық кезең мен плей-оффта мынадай нәтиже көрсетті:
Топтық кезең:
- Қазақстан – Уругвай: 4:1 (жеңіс)
- Қазақстан – Франция: 1:1 (тартысты тең ойын)
- Қазақстан – Нидерланд: 2:2 (күш тең түскен кездесу)
Ширек финал:
- Қазақстан – Украина: 1:1, пенальти сериясы – 2:1
Қазақстан құрамасы жүйкесін тоздырған пенальти сериясында мықтылық танытып, жартылай финалға жолдама алған еді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet