Сегіз Олимпиадаға қатысқан рекордшы гимнаст Оксана Чусовитина мансабына әлі нүкте қойған жоқ.
1992 жылғы Олимпиада чемпионы, Өзбекстан гимнастикасының тірі аңызы Оксана Чусовитина 50 жасында да спорттық мансабын аяқтауға асығар емес. Тәжірибелі спортшы Лос-Анджелес–2028 Олимпиадасына іріктеуден өтуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Чусовитинаның айтуынша, ол биыл Джакартадағы әлем чемпионатына бармауды өзі қалаған:
«Биыл Джакартада өтетін әлем чемпионатына баруды жоспарлағаным жоқ. Төрт снарядтың бәріне жаңа бағдарламалар дайындау үшін үзіліс жасауға шешім қабылдадым. Қазір тек жаттығуды қалаймын, жарыстарға алаңдамай жұмыс істегім келеді. 2027–2028 жылдары Олимпиадаға іріктелуге сабырмен дайындалғым келеді», – деп келтіреді спортшының сөзін ТАСС.
Осылайша тәжірибелі гимнаст алдағы екі-үш жылын толыққанды дайындық пен бағдарламаларды жетілдіруге арнамақ.
Оксана Чусовитина – спорт тарихында сегіз Олимпиада ойындарына қатысқан жалғыз гимнасшы:
Ол 1992 жылғы Олимпиадада командалық көпсайыс бойынша алтын медаль жеңіп алды.
Бұған қоса, Чусовитина:
Мансабы барысында ол үш түрлі құрама сапында өнер көрсетті: