Қасым-Жомарт Тоқаев ел намысын халықаралық аренада абыроймен қорғап жүрген жас спортшы Кристина Шумековаға жоғары мемлекеттік награда табыстады.
Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шумекова "Парасат" орденінің иегері атанды. Марапатты оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты рәсімде табыстады.
Ақордада өткен жиын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы ел дамуына елеулі үлес қосқан, қоғамдық және мемлекеттік қызметте, әлеуметтік-экономикалық және мәдени салада, сондай-ақ әскери және қызметтік міндетін үлгілі атқарған бірқатар әйелді орден-медальдармен марапаттады.
Марапат иелерінің қатарында Қазақстан спортының жарқын өкілі, конькимен жүгіруден көзге түсіп жүрген Кристина Шумекова да болды. Ол жақында Германияның Инцелль қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында керемет нәтиже көрсетіп, бес мәрте чемпион атанған.
Осы табысының арқасында қазақстандық спортшы ел басшысынан арнайы марапат алды.
19 жастағы қазақстандық спортшы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бірден бірнеше қашықтықта топ жарды. Атап айтқанда,
Бұған қоса 3000 метр қашықтықта күміс жүлдеге қол созды.