Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

Елімізде сақалды спортшылардың тізімі жасалды

Редактор Penalty.kz
17.10.2024, 12:56

Осылайша жат ағымның жетегінде кеткен спортшылар анықталмақ.

Елімізде сақалды спортшылардың тізімі жасалды
Ulysmedia.kz

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Мәжіліс қарауында жатқан Спорт туралы заң жобасына терроризм мен эктремизмге қарсы нормалар енгізілгенін айтты.
Бұл мәселе Мәжілісте спорт тақырыбы талқыланған кезде көтерілді. Депутат Жигули Дайрабаев сақалы тым ұзын спорт саңлақтарын сынға алған болатын. Дінге қатты берілсе, спортын қойып, «мешітке барып намаз оқуға» кеңес берген еді.

Өз кезегінде вице-министр бұл мәселенің расымен де өзекті екенін айтып, сақалды спортшылардың тізімі барын хабарлады.

«Өкінішке қарай, қазіргі таңда көптеген спорт түрлерінде, өзіңіз айтып отырғандай, діннің қате ағымына кетіп қалған спортшыларымыз бар. Оны білеміз, тізімі бар. Спорт туралы заң жобасына терроризм мен эктремизмге қарсы нормаларды енгізіп отырмыз. Оны депутаттар қолдады», - деді Серік Жарасбаев.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 80
👎 2
😂 7
😡 2

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір