Қазақстан атынан ауыр атлетикадан Перудегі тарихи әлем чемпионатына кім қатысады?
Қазақстандық жеті зілтемірші 30 сәуір мен 5 мамыр аралығында Перу астанасы Лимада өтетін ауыр атлетикадан әлем чемпионатында ел намысын қорғайды. Бұл турнир бірден екі жас санатында — жастар және юниорлар арасында өтпек.
azattyq-ruhy.kz
Жастар құрамасы (U23):
- 61 кг: Бейбарыс Ерсейт (Қызылорда облысы)
- 64 кг: Ксения Прозорова (Алматы облысы)
- 71 кг: Кира Данилова (Ақмола облысы)
- 81 кг: Ернұр Мырзахмет (Қызылорда облысы)
- 102 кг: Махамбет Алпысбай (Алматы)
Юниорлар құрамасы (U20):
- 81 кг: Едіге Емберді (Астана)
- 81 кг: Ерасыл Сәулебеков (Қызылорда облысы)
Бұл әлем біріншілігі бір мезетте екі жас санатында өтетін алғашқы чемпионаттардың бірі. Перу еліне жиналатын мықты спортшылар арасында қазақстандық зілтеміршілердің мүмкіндігі жоғары деп бағалануда.
Едіге Емберді – юниорлар арасындағы үміт
Едіге Емберді – Қазақстандағы ең перспективалы жас ауыр атлеттердің бірі. Ол:
- 2022 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы (73 кг)
- 2022 жылғы Азия чемпионы (73 кг)
- 2023 және 2024 жылдары екі мәрте юниорлар арасындағы әлем чемпионы (81 және 89 кг)
- Қазақстан Республикасының спорт шебері
- Халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Айта кету керек, Емберді өзінің соңғы жарысында күтпеген жерден жеңіліп қалды,
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet