Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Үсік пен шаңды дауыл: еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы нашарлайды

Сарапшы, спорт журналисі

"Қазгидромет" РМК 9 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоктиктердің болжамынша, бірқатар өңірде күн райы бұзылып, үсік жүріп, шаңды дауыл болады.

Үсік пен шаңды дауыл: еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы нашарлайды
Сүрет: ашық дереккөздерден

Синоптиктердің болжамына сәйкес, еліміздің бірқатар өңірінде алдағы күндері ауа райы құбылмалы болып, жел күшейіп, үсік жүріп, өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Алматы облысында түнде және таңертең солтүстік пен оңтүстікте 3 градусқа дейін үсік жүреді. Аймақтың солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Ұлытау облысында шығысында жоғары, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Түркістан облысында солтүстігінде шаңды дауыл тұрып, шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Таулы аудандарда да жел күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші батыс пен оңтүстікте 15–20 м/с дейін жетеді. Аймақтың батысы, солтүстігі және орталығы жоғары өрт қаупінде, ал солтүстік-батысы мен оңтүстік өңірлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде тұман күтіледі. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Жамбыл облысында таулы аудандарда тұман түсіп, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың бірқатар бөлігінде 1–3 градусқа дейін үсік күтіледі. Сонымен қатар батысы мен солтүстігінде төтенше, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығы мен шығысында шаңды дауыл соғып, солтүстік-шығыстан жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі бар.

Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, сондай-ақ Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі.

Маңғыстау облысында оңтүстік және орталық бөліктерінде шаңды дауыл тұрып, күндіз желдің екпіні 15–18 м/с дейін жетеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында шығыстан және оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз 15–20 м/с дейін күшейеді. Аймақтың солтүстігі, оңтүстігі және шығысында төтенше өрт қаупі, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір