
Қазақстандық танымал шахматшы, блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева жанкүйерлерінің сұрақтарына жауап беріп, өз ұлты жайлы нақты пікірін білдірді.
Асаубаева әлеуметтік желіде жұлдыздар арасында кең тараған танымал трендке қосылып, жазылушылардың сұрақтарына жауап берді. Сол сұрақтардың бірі шахматшының ұлтына қатысты болды. Жанкүйер оның қазақ екенін сұраған.
Бибісара бұл сауалға қысқа да нұсқа жауап берді:
«Иә», — деп жазды спортшы өз Instagram парақшасында.
Осылайша Бибісара Асаубаева өз ұлты туралы тараған түрлі пікірлерге нүкте қойды.
2025 жылы Бибісара Асаубаева Sharjah Masters турнирінде гроссмейстер атағының нормативін орындап, ресми түрде бұл жоғары мәртебелі титулға ие болды.
Бұған дейін ол:
Осы жетістіктердің арқасында Бибисара Асаубаева тарихта әлем чемпионы атанған ең жас шахматшы қыз ретінде қалды.