Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстанда параспортшылар туралы комедия түсіріле бастады

Сарапшы, спорт журналисі

«Ерекше» атты жаңа жоба Қазақстан Бочча федерациясының қолдауымен, Tiger Films продюсерлік компаниясы арқылы жүзеге асуда.

Қазақстанда параспортшылар туралы комедия түсіріле бастады
kazpravda.kz

Қазақстанда бочча паралимпиадалық спорты туралы алғашқы отандық фильмнің түсірілімі басталды. «Ерекше» атты жаңа комедия ел өміріндегі параспорттың маңызын ашып, ерекше жандардың жігері мен рухын көрсетуге бағытталған. Бұл туралы 24.kz хабарлады. 

Бас демеуші – Kinopark Group. Компанияның PR-директоры Ерлан Бұхарбаевтың айтуынша, фильмнен түсетін барлық табыс Бочча федерациясына аударылады. Фильмнің жанры — комедия, ал түсірілім үш қалада өтуде: Астана, Ақтау және Алматы.

Сюжет желісі

Туындының басты кейіпкері — Арман. Өмірінде еш қиындық көрмеген, мәселені ақша мен байланыспен шешіп үйренген жас жігіт. Зәулім үйі, қымбат көлігі бар, бар нәрсе оңай келген. Алайда бір күн мас күйінде көлік айдап, мемлекеттік мүлікке зиян келтіргені үшін спорт кешеніне қоғамдық жұмысқа жіберіледі.

Сол жерде Арман ерекше жандармен танысады:

  • Әйгерім — мүгедек болып қалған інісіне қамқорлық жасайтын қыз
  • Оның інісі — бочча спортынан үміткер спортшы

Олардың өмірге құштарлығы Арманның жан дүниесін өзгертеді. Ол өмірдің басқа қырын көріп, жаңа жолға түседі.

Түсірілім барысы және шығармашылық топ

Қазақстан Бочча федерациясының бас хатшысы Нұргүл Ұлжекова параспортты шынайы көрсету үшін кәсіби спортшылар түсірілімге тартылып жатқанын айтты:

«Актерлер, режиссер, сценаристер біздің спорттың ерекшеліктерін зерттеп, жарыстарды да дәлме-дәл көрсетуде. Шынайылық үшін параспортшыларды да шақырып жатырмыз».

Бочча федерациясы 2021 жылы құрылған. Бүгінде тірек-қимылы зақымданған 250-ден аса адам боччамен айналысады. Ұлттық құраманың өзі — 50-ге жуық спортшы.

Олардың бірі — бочча спорт шебері Итиана Шингисханова, ол да фильмге қатысады:

«Боччамен айналысып жүргеніме бес жыл болды. Бұл спортқа кездейсоқ келдім, бірақ еш өкінбеймін. Бірнеше жарыста жүлдегер атандым. Енді біз туралы фильм түсіріліп жатқаны — үлкен қуаныш. Өмірді сүйе білсең, бәрі керемет».

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір