Ұлттық құрама боксшысы, Азия чемпионы-2025 Санжарәлі Бегалиев туған күні қарсаңында ерекше сүйінші жаңалық естігенін айтты.
Туған күнін атап өткен Санжарәлі Бегалиев Шымкент әкімдігінен жағымды жаңалық алған. Оның айтуынша, әкім спортшыға пәтер сыйлауға уәде берген.
Боксшы бұл хабарды жариялап, тосынсыйдың ел үшін өнер көрсетіп жүрген спортшыларға жасалған қолдаудың бір көрінісі екенін меңзеді.
Шымкенттен шыққан қазақстандық былғары қолғап шебері бұған дейін де халықаралық деңгейде бірнеше мәрте топ жарған: