Фируза Шарипова жаңа образымен жұртты елең еткізді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық боксшының әлеуметтік желідегі бейнежазбасы қызу талқыға түсті. 

Фируза Шарипова жаңа образымен жұртты елең еткізді (ВИДЕО)
Kursiv.kz

Қазақстандық танымал боксшы Фируза Шарипова әлеуметтік желіде жаңа образын көрсетіп, жанкүйерлерді елең еткізді. 

Спортшы Instagram парақшасында видео жариялап, оқырмандарынан жаңа образы туралы сұрады.  

"Мен өзімдегі көктемді таңдаймын", – деп жазды боксшы видео астына. 

Фируза Шарипованың жаңа стилі әлеуметтік желі қолданушыларының жоғары бағасына ие болды. Көпшілік оның образын ерекше екенін жасырмады. 

Соңғы жекпе-жегі

Еске сала кетейік, Фируза Шарипова кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың 23 желтоқсанында өткізді. Сол кездесуде ол танзаниялық Фериче Машауриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.

Кейінгі уақытта 31 жастағы спортшы аралас жекпе-жек (ММА) саласында да өзін сынап көрген болатын.