Бибісара Асаубаева шахматтан бөлек немен айналысады?
Блицтен үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева бос уақытында немен айналысқанды ұнататынын айтты.
Хоббиі қандай?
Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында егер уақыт жеткілікті болса, әлдеқайда көп хоббимен тұрақты түрде айналысар едім деген ойын айтып қалды. Өзіне би, мәнерлеп сырғанау, теннис, пианинода ойнау және шет тілдерін үйрену ұнайды. Бірақ тығыз кестеге байланысты олардың ешқайсысына тұрақты түрде уақыт бөлу оңай болмай отырған көрінеді.
“Егер мен мүлде ұйықтамайтын адам болсам, онда менің он хоббиім болар еді. Би, мәнерлеп сырғанау, теннис, пианино, тілдер және тағы басқалары. Бірақ көбіне тұрақты түрде айналысуға үлгермеймін. Сондықтан, өкінішке қарай, бәрі үзік-үзік әрі бастапқы деңгейде қалып қояды. Дегенмен бір кезде пианинода қазіргіден жақсырақ ойнағанмын”, — деді Бибісара Асаубаева.

Шахматшы бұл жазбасына мұрағаттағы сәттердің бірін де қосқан.
Үміткерлер турнирінде қалай өнер көрсетті?
Еске салсақ, Асаубаева өткен аптада Кипрдің Пафос қаласында Үміткерлер турнирі-2026 жарысында сәтті ойын өрнегін көрсетті. Қазақстандық шахматшы 8 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орынға тұрақтады.
Бұл бәсекеде отандасымыз 14 партия өткізді. Соның ішінде:
- 4 рет жеңіске жетті;
- 7 партияны тең аяқтады;
- 2 ойында жеңіліс тапты.
Ал бірінші орынды үндістандық шахматшы Рамешбабу Вайшали иеленді.