Шавкат Рахмоновтың жары күйеуімен түскен суретін жариялады
Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде жолдасымен бірге түскен отбасылық суреттерін жариялап, өткен күндерді еске алды.
Отбасылық фотоларын көрсетті
Шавкат Рахмоновтың жұбайы Instagram парақшасында отбасы архивінен алынған суреттерді жариялады. Жазбада күйеуімен бірге өткізген бақытты кезеңдерді еске алып, жеке сезімін жеткізді.
Гүлайым стористе эмоционалды жазба қалдырып, бұрынғы тыныш өмірін сағынышпен еске алғанын аңғартты. Сондай-ақ өзіне және отбасына қатысты жағдайға байланысты ашық пікір білдірген.
Желіде қызу талқы тудырған жазба
Жарияланған жазбадан кейін әлеуметтік желі қолданушылары арасында бұл жағдай кеңінен талқылана бастады. Әсіресе, спортшының жеке өміріне қатысты пікірлер көбейіп, жұртшылық назарын тағы да Рахмоновтар отбасы аударды.
Бұған дейін Гүлайым белгілі файтердің өзін және ортақ балаларын тастап кеткенін айтқан еді. Оның сөзінше, бұл жағдайға Шавкаттың туыстарының да ықпалы болған.
Соңғы уақытта Гүлайымның есімі қоғамда жиі атала бастады. Оған жол-көлік оқиғасынан кейінгі жағдай себеп болды. Іс материалдарына сәйкес, Жамбыл облысында жол қозғалысы ережесін бұзу салдарынан екі адамның қаза табуына қатысты сот үкімі шыққан.
Наурыз айының соңында сот Гүлайымға бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бірақ үкімнің орындалуы бес жылға кейінге шегерілген.
