Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Құпиялылық саясаты

Penalty.kz сайтының құпиялылық саясаты

Соңғы жаңартылған күні: 2026 жылғы 22 қыркүйек.

Осы саясат Penalty.kz сайты (бұдан әрі — Сайт) оқырмандар туралы қандай деректерді жинайтынын, оларды не үшін пайдаланатынын және кіммен бөлісетінін түсіндіреді. Сайтты пайдалану арқылы сіз осы саясатпен келісесіз.

1. Біз қандай деректерді жинаймыз

Автоматты түрде. Сіз Сайтқа кірген кезде сервер журналына IP-мекенжай, браузер мен құрылғы туралы техникалық мәліметтер, сілтеме жасаған бет және қаралған беттердің тізімі жазылады. Бұл деректер сайттың жұмысын қамтамасыз ету, шабуылдар мен спамнан қорғану және жүктемені бақылау үшін қажет.

Сіз өзіңіз бергенде.

Мобильді қосымшада. Хабарландыру жіберу үшін құрылғының хабарландыру токені сақталады. Қосымша кітапханаңызға, камераңызға немесе байланыс кітапшаңызға қол жеткізбейді.

2. Деректерді не үшін пайдаланамыз

Біз деректерді сатпаймыз және оларды жарнамалық мақсатпен үшінші тұлғаларға бермейміз.

3. Cookie файлдары мен талдау жүйелері

Сайт cookie файлдарын пайдаланады: олар сессияны сақтауға, баптауларды есте ұстауға және қаралым статистикасын жинауға қажет. Статистиканы жинау үшін Яндекс.Метрика және Google Analytics қызметтері қолданылады — бұл қызметтер өз cookie файлдарын орнатады және өз саясаттары бойынша жұмыс істейді:

Cookie файлдарын браузер баптауларынан өшіруге болады, бірақ сонда сайттың кейбір мүмкіндіктері жұмыс істемеуі мүмкін.

4. Жарнама

Сайтта жарнамалық блоктар орналасады. Жарнама жеткізушілері өз cookie файлдарын пайдалануы мүмкін. Біз жарнама берушілерге оқырмандардың жеке деректерін бермейміз.

5. Әлеуметтік желілер

Редакция өз материалдарын өзіміздің ресми аккаунттарымызда жариялайды: Instagram, Telegram, TikTok, YouTube. Бұл жариялау бір бағытта жүреді — біз сайттың мазмұнын өз аккаунттарымызға шығарамыз және аталған алаңдардан пайдаланушылардың жеке деректерін жинамаймыз, сақтамаймыз және оқымаймыз.

Материалдардың ішінде әлеуметтік желілердің кіріктірілген жазбалары (Instagram, X, YouTube) кездеседі. Оларды ашқанда тиісті алаң өз cookie файлдарын орнатуы мүмкін — бұл сол алаңның саясатына бағынады.

6. Деректерді кімге береміз

Деректерге редакцияның шектеулі саны қызметкері ғана қол жеткізеді. Техникалық тұрғыда біз мына қызметтерді пайдаланамыз: сайт орналасқан хостинг, хабарландыру жіберу қызметі және жоғарыда аталған талдау жүйелері. Бұлардан басқа деректер үшінші тұлғаларға берілмейді — заңда тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда.

7. Сақтау мерзімі

Пікірлер мен тіркелу деректері аккаунт жойылғанға дейін сақталады. Сервер журналдары шектеулі мерзімде сақталады және автоматты түрде тазаланады. Хабарландыру жазылымы — жазылымнан бас тартқанға дейін.

8. Сіздің құқықтарыңыз

Сіз өзіңіз туралы деректерді сұратуға, түзетуге немесе жоюды талап етуге құқылысыз. Ол үшін info@penalty.kz мекенжайына хат жазыңыз — сұранымды 30 күн ішінде қарап, жауап береміз. Аккаунтыңызды жойғанда пікірлеріңіз де жойылады.

9. Балалар

Сайт 13 жасқа толмаған балалардан деректерді әдейі жинамайды. Егер бізге осындай деректер қателікпен түскені белгілі болса, оларды жоямыз.

10. Саясаттың өзгеруі

Саясат өзгерген кезде осы беттегі «соңғы жаңартылған күні» жаңарады. Елеулі өзгерістер туралы сайтта хабарлаймыз.

11. Байланыс

Penalty.kz редакциясы
Астана қаласы, Жәнібек Тархан көшесі, №2/6
Телефон: +7 (747) 565 4340
Электрондық пошта: info@penalty.kz


Privacy Policy (English summary)

Penalty.kz is a Kazakhstani football media outlet. We collect server logs (IP address, browser and device data, pages viewed) to operate and protect the site; a display name and comment text when a reader posts a comment; a Telegram identifier, display name and avatar when a reader signs in with Telegram; a browser subscription endpoint when a reader opts in to notifications; and a device notification token in our mobile app. We use Yandex.Metrica and Google Analytics for audience statistics, and cookies for sessions and preferences.

We do not sell personal data and do not share it with advertisers. Data is shared only with our hosting provider, our notification delivery service and the analytics services named above, or where required by law.

We publish our own editorial content to our own official accounts on Instagram, Telegram, TikTok and YouTube. This flow is one-way: we post our content to our accounts, and we do not collect, store or read personal data of users of those platforms.

To request access to, correction of, or deletion of your data, write to info@penalty.kz. We reply within 30 days.