Жекпе-жек
Мексикадағы бокс кешінің басты айқасы жанжалмен бітті
Тихуана қаласындағы Auditorio Municipal аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі күтпеген жерден жанжалға айналды. Жергілікті супержеңіл салмақ (63,5 кг дейін) өкілі Анхель Фиерро (23-3-2, 18 КО) отандасы Абрахам Кордеродан (16-6-2, 8 КО) дисквалификация арқылы жеңіліп қалды.