Футбол
Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Жетісуға» оралды
Талдықорғанның «Жетісу» ФК Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Асхат Балтабековтің командаға қайта қосылғанын ресми түрде жариялады. Клуб ақпаратынша, жергілікті футбол мектебінің түлегі туған ұжымына оралып, алдағы маусымдағы мақсаттарға бірге жұмыс істемек.