Жекпе-жек
Джонни Уокер Шанхайда сенсация жасады: Миньян алғаш рет UFC-де жеңілді (ВИДЕО)
Шанхайда өткен UFC Fight Night 257 турнирінің басты оқиғасында жартылай ауыр салмақтағы (93 кг дейін) бразилиялық Джонни Уокер (22-9) мен Қытайдың нокаут-машинасы атанған Чжан Миньян (19-7) октагонға шықты. Айта кетейік, Миньян осыған дейінгі барлық жеңісін бірінші раундта нокаутпен аяқтаған.